2023 жылдың 26 қыркүйегінде «№ 7 ЖОББМ» КММ-де Білім министрлігі вице-министрінің тапсырмасы бойынша оқу-жаттығулар №117 бұйрыққа сәйкес оқушылар мен оқытушылар, қызметкерлердің іс-әрекеті оздырылды. Сағат 11.45-те мектептің күзетшісі В.В.Шапошников негізгі кіре берісте күдікті затты анықтады.
Бұл туралы мектеп директорын хабардар етті. Жағдайды ескеріп, директор оқушылар мен мектеп қызметкерлерін қауіпсіз көшіру үшін эвакуациялау туралы белгі беруді ұйғарды. Кердері – Мұхита қиылысындағы тұрғын үй ауласында 150 м жерде орналастырылды. Дабыл 11.47 минутта берілді. Мектептер қауіпсіз көшіру аймағына 11,57 минутта жетті, оның ішінде 1544 оқушы, 51 оқытушы және 30 техникалық қызметкер. Сабақ толық көлемде өткізілді, тәрбиелік мәселелер пысықталды. Оқушылар мен оқытушылар құрамы 12.25 минутта қайтарылды, сыныптарға барып, сабақты жалғастырды.